"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

«АЛМАТЫ – ТАШКЕНТ – ТЕРМЕЗ» АВТОЖОЛЫНДАҒЫ АҚАУЛАР БИЫЛ ЖОЙЫЛАДЫ

1 min read

«Алматы – Ташкент – Термез» автожолының 274-279-шы шақырымы аралығы Қайнар кенті мен Аспара кентінің арасындағы учаскеде қаңтар айынан бастап тұрақсыз ауа райы байқалды. Айтарлықтай көп мөлшерде түскен жауын-шашын мен ауа температурасының күрт өзгеруі жабын мен бетондағы қорғаныш қабаттың бұзылуына әкелді, сонымен қатар жол бойында аздаған шұрық шұңқырлардың пайда болғаны байқалды. Жамбыл облысы Мерке ауданы арқылы өтетін (276-277 км) учаске ең көп зақымдалған аймақ болып есептеледі. Жалпы ұзындығы 1 шақырымды құрайды. «Алматы – Ташкент – Термез» автожолы 2012-2014 жылдары салынған, ол жол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің бір бөлігі.

 

«ҚазАвтоЖол» жолшылары ауа райы тұрақталып, күн жылына салысымен аталған жолдағы ақауларды жою үшін жөндеу жұмыстарына кіріседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *