АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
Білім күні еліміздің барлық өңірлерінде аталып өтті. Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің қатысуымен шаһардағы №43 орта мектепте «Сыңғырла күміс қоңырау» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Айта кетейік, мектеп 1986 жылы бой көтерген, биыл білім ордасында 1420 бала білім нәрімен сусындайды.