АЭС БОЙЫНША НОВОДЖАМБУЛ ФОСФОР ЗАУЫТЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ
Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, ғаламдық энергия тапшылығының артуына байланысты бізге сенімді және экологиялық таза энергия көздері ауадай қажет. Сондықтан атом энергетикасын дамытуға ерекше көңіл бөлу керек. Бұл энергия өндірісі еліміздің экономикасының қарқынды өсіп келе жатқан қажеттіліктерін айтарлықтай қанағаттандыра алады. Бүгін Новожамбыл фосфор зауытында елімізде атом электр станциясын салу бойынша жиын өтті.