ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ
Өңірлік коммуникациялар орталығында облыстық Әділет департаментімен «Жамбыл облысы әділет департаментінің 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы» брифинг өткізілді. Жиында Нұрғали Андасов БАҚ өкілдері алдында есеп беріп, өткен жылы департамент тарапынан атқарылған жұмыстармен таныстырып өтті. Спикердің сөзінше, былтыр Әділет департаментімен біршама маңызды жұмыстар атқарылып, жоспарланған стратегиялық индикаторларға қол жеткізілді.