«ӘДІЛДІКТІ ТАЛАП ЕТ!» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
1 min read
«Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылғы 15 тамызда республика бойынша «Әділдікті талап ет!» атты ауқымды науқанын бастады. Оған Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы қатыса алады. Науқанның басты мақсаты – қоғам арасында жемқорлыққа төзімсіздік ортасын қалыптастырып, бұл үрдіске ел азаматтарын барынша жұмылдыру. Аталмыш іс-шара жемқорлықтың болуы немесе орын алуы мүмкін деген, қоғамды алаңдататын мәселелердің кең ауқымын кезең-кезеңімен қамтитын болады.