ТАРИХИ ЗЕРТТЕУ: АШТЫҚ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ БОЛДЫ?
1 min read
Осыдан 3 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау» жөніндегі жаңа жарлығы шықты. Сол жарлық негізінде репрессия құрбандары мен тарих қойнауындағы беймәлім құпияларды зерттейтін мемлекеттік комиссия құрылды. Олардың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері анықталып, атқаратын қызметтері қоса белгіленді. Бұл жөнінде өңірімізде 4 топ тиісті тақырыптарға зерттеу жүргізуде. Айта өтерлігі, жамбылдық зерттеушілер ауқымды тақырыптың ұмыт қалған, бүгінге дейін қозғалмаған ашаршылық кезіндегі балалар мен балалар үйі туралы бір арнасын назарға алып, деректерін жинауда.