БАСПА МҰРАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
Қағаз кітаптар ақпарат тасымалдаушысы ретінде өзінің сенімділігін дәлелдегенімен, олар өкінішке қарай мәңгілік емес. Уақыт өте келе сиясы сөніп, қағаз бұзылады. Осылайша, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы кітаптарды да, мерзімді басылымдарды да цифрландырумен айналысады.