ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
1 min read
Бүгінгі күні облыстағы 17 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 12-де күрделі жөндеу кестеге сәйкес жүргізілсе, 5-де жөндеу жұмыстары оқу жылы басталғанға дейін аяқталмау қаупі бар. 178 мектепте күрделі жөндеу қажеттілігі бар. Оның 96-да күрделі жөндеу жоспарланса, 82-де жоспарланбаған. 129 мектепте жылыту жүйесін жөндеу қажеттілігі бар. Бұл туралы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілі мәлімдеді. Сондай-ақ, жаңа оқу жылына орай департамент жасаған мониторинг жұмыстарының нәтижесіне тоқталды.