"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жамбыл облысы Республикада халық саны бойынша 5 орында. Соңғы уақытта өңірде адам саны едәуір көбейгенін аймақ басшысы халықпен кездесуде айтты. Ал, жиында  тек халықтың өсімі емес, көше кезген иттің, қоқыс орнының да артқаны жергілікті жұрт тарапынан айтылды. Ал, керісінше, балалар ойын алаңшасы мен қоғамдық көліктің жеткіліксіздігі тағы мәселе. №8 аумақтық округінің тұрғындарымен кездескен облыс әкіміне жергілікті жұрт базынасын айтты. Халық үніне құлақ асқан өңір басшысы жауаптыларды қатыстыра отыра әр мәселеге жауап берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *