ӨСЕР ЕЛДІҢ БАЛАСЫ, ЦИФРЛАЙДЫ МҰРАСЫН
Бүгінгі таңда жоғары технологиялардың, интернет ресурстарының қарқынды дамуы және кітаптардың электронды форматқа көшуі байқалады. Сондықтан, Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тарихымызды сақтайтын кітаптарды цифрландыру» жобасы қолға алынған. Бұл жұмыстардың барлығы авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады.