ТІСТІҢ САУЛЫҒЫ – ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ
1 min read
Маржандай тізілген тістер адамның ажарын кіргізетін болса, саутіс – денсаулықтың кепілі. Тіс мықты, аппақ, тұзу болу үшін ауыз қуысының күтімін бала кезден бастаған жөн. Сәбидің сүт тісі шыға бастағаннан-ақ ата-ана оған мән беріп, дер кезінде дәрігер кеңесіне жүгініп тұруы керек. Жалпы тіс күтімі туралы не білу керек? Бұл туралы тіс дәрігері Гүлбахрам Қоңқабаевадан сұрап көрдік.