ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ТАЛАПҚА САЙ
1 min read
Медициналық оңалту қызметінің негізгі мақсаты-жедел және созылмалы аурулардан кейін, физикалық немесе әлеуметтік факторлар әсерінен кейінгі бұзылған денсаулық пен ағза қызметінің еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру процесін жүргізу. Бұл жөнінде Байзақ ауданындағы облыстық мамандандырылған оңалту орталығы нәтижелі жұмыс атқаруда. Жылына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша 2 мыңнан астам адам ем алып шығады. Ал, биылдыққа 400-ден астам тұрғын емделіпті.