ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОРДАЙДАҒЫ «BSL-3» ӨНДІРІСТІК ЦЕХЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
1 min read
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Қордай ауданына жұмыс сапары «ОтарБиофарм» ЖШС-нің жұмысымен танысудан басталды. Қазіргі таңда биофармацевтикалық зауыт құрылысының екінші кезеңі жүруде. Ол бойынша Биозауыттың өндірістік қуатын айына 500 мыңнан 2,0 млн. дозаға дейін арттыру көзделген. Соған сәйкес, «Тиісті өндірістік практика талаптарына сәйкес келетін иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыт базасында субстанциялар өндіру жөніндегі цех» жобасының құрылысы жүзеге асуда.