ЖАСТАР ҒЫЛЫМДЫ АЛҒА ОЗДЫРМАҚ
1 min read
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру және ғылымға бөлінетін гранттың мерзімін ұзарту мәселесін тиісті министрлікке тапсырған еді. Президент «Еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз», деп ғылымды дамытуға қолдау көрсетілетінін айтқан болатын. Біздегі аға буын өкілдері жастар ғылымды алға оздырады деп сенеді. Толығырақ алдағы бейнематериалда.