ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
1 min read
Биыл төртінші жыл қатарынан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен қызметте үлгілі нәтижелерге қол жеткізген ауыл әкімдерін анықтау және жергілікті өзін-өзі басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін кеңінен тарату мақсатында Республикалық «Үздік ауыл әкімі» конкурсы өткізілді. Аталған конкурсқа еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден аса ауыл әкімдері қатысқан. Республикалық комиссияның шешімімен Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімі Елемесова Күлжахан «Үздік ауыл әкімі» деп танылды.