"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

1 min read

Бүгін Жамбыл облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында «Қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудегі жаңа тәсілдер» атты ғылыми-практикалық конференция басталды. Бұл іс-шара әртүрлі қатерлі ісіктерге, соның ішінде онкогинекологиялық патологияға заманауи аз инвазивті эндоскопиялық операцияларды енгізу мақсатында ұйымдастырылды.  Конференция жұмысына Қазақстанның барлық өңірлерінен келген делегаттар яғни, онколог-дәрігерлер, хирургтар, рентгенологтар, гинекологтар, медицина мамандары, резидент дәрігерлер, медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары да бой көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *