СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІЛЕРМЕН КҮРЕСКЕ ТИІМДІ ЖАҢА ПЛАТФОРМА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Жамбыл облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен кеңесте синтетикалық есірткі заттарымен күрес мақсатында әзірленген ақпараттық платформа таныстырылды. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің, Парламент Мәжілісінің депуттары мен облыстық құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшылары қатысқан жиынды облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров ашып, жүргізіп отырды.