ӨҢІРДЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Шілденің екінші жексенбісі балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Жалпы, балық өсіру екінің біріне ,егіздің сыңарына жұға бермейтін ерекше кәсіп. Өйткені салған қаржыңның қайтарымы мен нәсібін көру ұзақ уақытты қажет етеді. Бүгінде облыста 140тан аса су айдындары бар. Оның 80і табиғат пайданланушыларға бекітілсе, 31інде тауарлы балық өсірілуде. Жалпы өңірде балық шаруашылығында 500ге жуық қызметкер еңбек етеді. Меншікті мереке биыл да облыста жоғары деңгейде атап өтілді.