ОБЛЫС ӘКІМІ САРЫСУ АУДАНЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
1 min read
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барды. Іс сапар барысында Жаңатас қаласы, 4 мөлтек ауданынан салынатын жеке меншік мектептің және “Химик” тұрғын үй кешені мен Қонақ үйдің жобасымен танысты. Сондай-ақ, аудан әкімі Сәкен Мамытов 4,5-шағын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобасы туралы баяндады.