САРЫСУ АУДАНЫНДАҒЫ 5 АУЫЛДЫҚ ОКРУГКЕ 3,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
1 min read
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданындағы жұмыс сапары барысында «Нұртілеу» АШК-нің жүгері алқабымен танысты. Құрамында үш мүшесі бар ауыл шаруашылығы коперативінің 558 гектар егістік, 100 гектар шабындық, 10468 гектар жайылымдық жері бар. АШК биыл 135 гектарға жүгері, 125 гектарға жоңышқа еккен.