"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ТУРИЗМ САЛАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

1 min read

Жамбыл облысында туризмнің әр түрін дамытуға зор әлеует бар, мұнда облыстың көрікті жерлеріне сауықтыру, этникалық, экскурсиялық және экологиялық турлар жасауға болады. Ал жас кәсіпкер Мақсат Барманқұл Қарасу ауылдық округіндегі этникалық ауыл Қордай ауданының көрікті жерлерінің бірі болатынына сенімді. Кәсіпкер бірнеше жыл бұрын облыс орталығында қымызхана ашып, өнімге деген сұраныстың жоғары екендігін байқаған. Осыдан кейін Қордай ауданынан этникалық ауыл салу идеясы келіпті. Бірақ жобаны бастамас бұрын ол даму перспективаларын зерттеп, бизнес-жоспар құрды, құрылыс салу үшін жер іздеді, басқа облыстардағы ұқсас ауылдардан тәжірибе алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *