ЖАЛҒАН АҚПАРАТПЕН КҮРЕС
Елдің аузынан түспей жүрген фейк атаулылар қаптады. Мұның себебін халықтың интернет сауаттылығының аздығымен ұштастыруға болады. Барлығы қолданатын әлеуметтік желінің арбауына түсіп, жалған ақпаратқа ұрынып қалған қарапайым халықтың қарасы азаймай тұр.