ЖЕЛІЛІК КАМПУС ЖОБАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ
1 min read
Дулати университетінің Бас ғимаратында ТМД елдерінде тұңғыш жүзеге асырылатын желілік кампус жобасының таныстырылымы өтті. Бұл – Дулати университеті, «Қазфосфат» ЖШС және Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің бірлескен жобасы. «Қос дипломды» білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын химия өнеркәсібі үшін білікті кадрларды даярлауды көздейтін желілік кампустың таныстырылымы химиктер күніне тұспа-тұс келіп отыр.