ӘКІМ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ КОМБИНАТЫ ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
1 min read
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданына жұмыс сапары барысында «Monterra Qasaqstan» ЖШС болашақ тау-кен металлургия комбинатының құрылыс алаңына барды. Онда Ноғайбай ауылдық округінде тау-кен металлургия комбинатын салу жөніндегі жобаның іске асу барысы, экологиялық қауіпсіздігі, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.