ХИМИКТЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
1 min read
Қазфосфат ЖШС-де химиктер мерекесі айрықша атап өтілді. 24 жылдан бері алтын тінін, арқау жібін үзбеген майталман мамандар мерекесі жылда Жамбылда жоғары деңгейдегі іс-шараларға арқау болады. Өңірімізде өндіріліген өнімнің 30 пайызын аталмыш өнеркәсіп зауыты өндіреді десек, ондағы жұмысшылардың еңбегі орасан. Бүгінгі мерекеге орайластырылған шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек мереке иелерін құттықтап, бірқатар сала жұмысшыларын марапаттады.