БИЫЛ АГРОСАЛАДА 57,4 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛГЕН
ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында агросалаға – 21,9 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі күні оның 6,6 млрд. теңгесі облыстың шауруаларына субсидия ретінде беріліпті. Осының нәтижесінде жыл басынан бері салада 57,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 4,5 млрд. теңгеге артты. Осылай деген ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы баспасөз алаңында баяндама жасады.