ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 3 АУДАНАРАЛЫҚ АУРУХАНА АШЫЛАДЫ
Жамбыл облысында Меркі, Шу, Талас аудандарында ауданаралық көпбейінді орталық ауруханалар ашылады. Қажетті мамандармен және тиісті инфрақұрылыммен қамтылатын медициналық нысандар арқылы шұғыл және орта технологиялық медициналық көмек алу қашықтықтары айтарлықтай қысқаратын болады. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Басқосуда денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.