ОТБАСЫ- АЯЛЫ АЛАҚАН МЕКЕНІ
1 min read
Қазақ халқы үшін отбасы – қасиетті ұғым, қастерлі құндылық. Қ.Рысқұлбеков паркінде халықаралық отбасы күні мерекесіне орай қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен «Отбасы- аялы алақан мекені» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерейлі думанға облысымыздың үлгілі әулеттері жиылып, жас отбасыларға өнеге көрсетті. Сондай-ақ 3 алаңда жиылған жұрт мерекеде спорттық ,интеллектуалды ойындар ойнап, оларға «балаларға базарлық» есебінде 500 балмұздақ таратылды.