ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ШУ АУДАНЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ
Ұлы жеңістің 78 жылдығына орай әр – бір елді мекендерде мерекелік іс – шаралар жасалды. Отан алдында от кешіп сұрапыл соғыстың талай қиыншылықтарын басынан кешкен ел азаматтарын ұмыт қалдырмау, оларға деген сый – қошемет көрсету кейінгі буынның парызы. Болашақ ұрпақ үшін азаматтық борышын қан майданда өтеу маңдайларына жазылып, ел мен жердің тыныштығы үшін 6620 ер азамат Шу өңірінен майданға аттанған.