ТАРАЗДА ҚОБЫЗШЫЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Биыл қазақ халқының ұлы күйшісі, қазақ күй өнеріндегі айрықша құбылыс болған Ықылас Дүкенұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Даңқты қобызшының мерейтойы бүгінде еліміздің бірқатар аймақтарымен бірге, Жамбыл өңірінің аудандарында да аталып өтуде. Әйгілі өнер иесінің мол мұрасы кейінгі ұрпаққа насихатталып, шығармаларының кенен көркемдігі турасында да еңбектер жарық көруде. Мерейлі мерекеге орай Таразда Қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Қобыз сыры» атты қобызшылар фестивалі өтті. Толығырақ алдағы бейнематериалда.