РОБОТОТЕХНИКА – БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ
Бүгінгі күні көмірқышқыл газының деңгейінің артуы өзекті мәселе болып саналады. Өнеркәсіпте көптеген өнеркәсіптік газдарды бейтараптандыруға қабілетті қондырғылар қолданылады, бірақ олардың көпшілігі автоматтандырылмаған, сонымен қатар адам өміріне қауіп төндіретін улы сіңіргіштерді пайдаланады. Осыған орай, Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы робототехника бойынша үйірмеде автоматтандырылған көмірқышқыл газын сіңіру жобасының үлгісін жасады. Жас өнертапқыштың жобасымен арна тілшілері танысып қайтқан еді. Ендеше,, сюжетке зер салыңыз.