МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ТЕАТРҒА БАРЫП ТҰРАДЫ
Ағымдағы жылдың наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жамбыл облысы бойынша департаменті, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі арасында мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Осыған орай, күні кеше жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне арнайы Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Сантөре Пірмановтың «Ұлт ұстазы» символикалық композициясы көрсетілді.