МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ
1 min read
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров «Аманат» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде өңір тұрғындарын қабылдады. Базынасын арқалаған жұрттың талап-тілегін тыңдап, жергілікті атқарушы органның салалық өкілдерін жұмылдыра отыра жауап берді. Кейбір мәселелерге депутаттық мандаты арқылы ұсыныс жасап, білек сыбана кірісетінін жеткізді.