ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ ТҮРЛЕРІН ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ
1 min read
Наурыз мерекесіне орай «Анаға тағзым» орталығында «Ақ мол болсын!» ұлттық тағам түрлерін даярлау бойынша шеберлік сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты-ұлттық тағамдарды сақтау және танымал ету, олардың ерекшеліктерін зерттеу, көшпенділердің бірегей тағамдарын заманауи интерпретацияда дайындау және оны өзара тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға үйрету.