ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
1 min read
Тұрғындардың белсенділігі берекеге бастайды. Ол үшін ауыл тұрғындарының бірлігі мен атқамінерлердің тынымсыз тірлігі қажет. Тұрғындардың тұрмысын тіктеп, табысын арттыру басты мақсат. Облыс әкімі Н. Нұржігітовтің басты ұстанымы осындай. Аймақ басшысы Жуалы ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап, жағдайымен танысты. Сондай-ақ пилоттық жобаға енген ауылдық округтегі кооперативтің жұмысын көріп, жауаптыларға ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемін арттыру керектігін айтты. Осы орайда шаруаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті барынша жеткізу керектігін жеткізді.