"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ЖАМБЫЛДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЗАҢСЫЗ АЛТЫН ӨҢДЕУ ЦЕХЫН АНЫҚТАДЫ

1 min read

Мойынқұм ауданы  полиция бөлімінің  криминалдық полиция   қызметкерлері Ақбақай ауылында орналасқан жекеменшік үйдің қосалқы шаруашылығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында  құрамында бағалы металдары бар шикізатты заңсыз өңдеу жұмыстарын  жүргізетін шағын цехты  анықтады. Тексеру кезінде қолдан жасалған ұсатқыш, сынапқа ұқсас сұйықтығы  бар 3 пластикалық бөтелке, азот қышқылы бар канистр, жалпы салмағы 116 келі болатын ішінде алтынды кені  бар 2 қап табылды және тәркіленді.Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  295-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде 28 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрдегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал анықталуда. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *