КӨКҚАЙНАРЛЫҚТАРҒА КЕЛЕР ҚАУІП ЖОҚ
1 min read
Соңғы күндері ауа-райының күрт жылынуына байланысты қалың қар еріп, соның салдарынан еріген қар Көкқайнар ауылына жайылған. Ауылдың шығыс жағынан алқаптардан және шекаралас жатқан Қордай ауданының егістік алқабынан еріген қар суы Шу ауданының бірнеше ауыл тұрғындарының ауласын жайлаған. Осыған байланысты аудандағы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жауапты мамандар аталған ауылға барып, тиісті жұмыстарды атқарды.