"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ТАРАЗДА ЖЕР КОМИТЕТІНІҢ «ЖАЛҒАН» ҚЫЗМЕТКЕРІ ҰСТАЛДЫ

1 min read

Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-ші полиция бөліміне облыс орталығының бірнеше тұрғыны шағымданды. Олардың  айтуынша, облыстық жер комитетінің қызметкері ретінде өзін  таныстырған  адам Тараз қаласының шағын аудандарының бірінен  жер учаскесі мен пәтер алуға жәрдемдесуге уәде берген. Тұрғындарға қызметінің қажеттілігін білген ол, сенімдеріне кіріп  10 000 000 және 920 000 теңге көлеміндегі  ақшасын иемденіп, кейін байланысқа шықпаған.  Осы деректерге қатысты  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу  амалдары  басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 38 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тергеу барысында ұсталған адамның мұндай ұйымдарға ешқандай қатысы жоқ екендігі анықталды, ал жәбірленушілермен кездескенде ол өзін басқа есіммен таныстырған.Күдікті кінәсын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған  ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындардан бейтаныс адамдармен ірі сомаға мәмілелер жасауда өте қырағы және сақ болуды ескертеді. Тәртіп сақшылары егер сіз деосындай қылмыстың құрбаны болсаңыз, дер кезінде полиция бөліміне хабарласуыңызды сұрайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *