МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА КЕДЕРГІСІЗ ОРТА
Енді мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу тек пандустар орнатумен шектелмейді. «Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының» қолдауымен мүгедектердің жастар қоғамы базасында «Мен өзім» жобасы аясында 6 мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған жатақхана құрылды. Онда 3 ай бойы өз бетінше өмір сүруге, кәсіптік бағдарламаға дайындауға, жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.