ЖЕЛІЛЕРДІҢ ТОЗУ КӨРСЕТКІШІН 15% ҒА ТӨМЕНДЕТУ ЖОСПАРЛАНУДА
1 min read
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша желілердің тозуын кезең-кезеңімен кем дегенде 15%-ға азайту жоспарлануда. Тұтынушыларға қызмет көрсету кезінде жетім желілер мәселесі өзекті болып қала береді. Осыған байланысты табиғи монополиялар субъектілерінің иесіз желілерді теңгерімге немесе сенімгерлік басқаруға қабылдау тетігі әзірленген. Бұл осы желілерді ұстау шығындарын тарифке қосу арқылы көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттырады. Тариф турасындағы мәлімет баспасөз алаңында айтылды.