"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

2 ҚОРАП «МАНДАРИН» ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

1 min read

Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қала тұрғыны қоңырау шалып, мөлтек аудандардың бірінде орналасқан азық-түлік сататын дүңгіршегінен белгісіз адамның 2 қорап «мандарин» жемісін және кассасынан 20 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған. Полиция қызметкерлерімен іздеу-іздестіру шаралары барысында 33 жастағы Көлтоған ауылының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктінің айтуынша ол жеміс-жидекті тұтыну үшін ұрлаған және бет-бейнесін тұмшалап алғандықтан, полицияға ұсталамын деп ойламаған. Ол өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР-ы  ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *