"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

30 КЕЛІДЕН АСТАМ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

1 min read

7 қаңтарда Алматы қаласының тұрғыны жолаушысы болып табылатын «ВАЗ-2107» автокөлігін тексеру кезінде есірткі заты бар үш қапшық анықталды. Автокөлік Тәтті ауылының маңындағы «Меркі-Шу-Бурылбайтал» республикалық маңызы бар автожолының 40-шақырымында ұсталды. Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл  басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция батальонымен бірлесіп  автокөлікті ұстады. Жалпы салмағы 30,7 кг болатын «кептірілген марихуана»  есірткі заты жүк салғышта болған. Аталған есірткі заттарын жолаушы  Алматы қаласына одан әрі өткізу үшін тасымалдаған. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау  изоляторына қамауға алынды. Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта ары қарай жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *