ЖАМБЫЛДА МАС ЖҮРГІЗУШІ 7 ЖЫЛҒА КӨЛІК БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
Жамбылда мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Қаратау қаласы Желтоқсан көшесінің бойында патрульдік полиция инспекторлары жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 38 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «ВАЗ-21713-138-21» маркалы көлігін тоқтатқан.Жүргізушімен әңгімелесу барысында оның масаң екендігі байқалып, медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша «жеңіл» дәрежедегі мас күйінде болғаны расталды. Жүргізушіге қатысты ҚР-ы қылмыстық кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Талас аудандық сотының қаулысы бойынша құқық бұзушы жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.Жамбыл облысының Полиция департаменті көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны туралы ескертеді және азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.