"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

137 БАС АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ҰРЛАҒАН КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ

1 min read

Қордай аудандық полиция бөліміне осы ауданның мүйізді ірі қара мал өсірумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  46 жастағы төрағасы жүгініп, мал ұрлығының орын алғаны жөнінде шағымданған. Ер адам өз арызында 2021 жылдың қазанынан ағымдағы жылдың тамызына дейінгі аралықта жоғалған асыл тұқымды сиырларын ұрлауға шаруа қожалығындағы малшысы мен көрші шаруа қожалықтың басқарушысының  қатысы бар деп баяндаған.   Осы  дерекке қатысты  ҚР Қылмыстық кодексінің  188-1-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары  басталды.  Аудандық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 1972 жылы туылған Шу ауданының және  Алматы қаласының тұрғындары анықталып, ұсталды. Күдіктілер кінәсын толық мойындады.  Тергеу барысында күдіктінің бірі  мал ұрлығы туралы  алдын-ала жоспарлағаны анықталды. Осы мақсатта ол екі табын малды әдейі қосып жіберіп, біріктіріп баққан. Кешке қарай басқа малшымен малды бөліп,   соңында бірнеше бас малды өзіне қарай білдіртпей  айдап  жіберіп отырған. Түнде ол артық  мал басын табыннан бөліп алып, оларды көрші шаруа қожалығына айдап апарған, ал оның жетекшісі  одан әрі ұрланған малды сатқан. Осылайша, ұсталған азаматтар ұзақ уақыт бойы барлығы 137 бас  ірі қара малын ұрлап әкеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі  109 600 000 теңгені құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *