ӨЗ БЕТІНШЕ ҚЫЗМЕТ АЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ САНЫ 11 %-КЕ ӨСКЕН
1 min read
2022 жылдың қорытындысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 1 859 287 мемлекеттік қызмет, соның ішінде 1 125 560 өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы көрсетілген. Бір жыл ішінде мемлекеттік корпорация тарапынан азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша өз бетінше қызмет алған азаматтардың саны 11 % -ке өскен. Бұл туралы баспасөз брифингінде айтылды.