КӘСІПКЕРЛЕР МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ
Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарих» орталығында қала әкімдігінің, облыстық іскер әйелдер кеңесі мен кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Шара барысында өңірдің бизнес қауымдастықтары өзекті мәселелерді талқылады.