ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОРДАЙЛЫҚТАРДЫҢ ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ
Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің халықпен кездесулері жалғасуда. Бұл жолы аймақ басшысы Қордай ауданындағы Сарыбұлақ және Ауқатты ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдады. Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.