ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАҢЫЗ!
Ағымдағы жылдың 8 айлық қорытындысы бойынша облыс аумағында 66 шөпхананың өртену оқиғасы тіркелген. Өрт салдарынан 671 тонна шөптің күллі көкке ұшқан. Тілсіз жаудан келген шығын 5 млн. 465 мың теңгені құраған.Бұл өткен жылға қарағанда 10 есеге өскен. Бұл туралы тиісті сала мамандарының қатысуымен өткен баспасөз алаңында айтылды.