ҚАРАКЕМЕР АУЫЛЫНДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ
Бүгін Жамбыл ауданындағы Қаракемер ауылында көптен күткен жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Мекемеге Республикалық бюджеттен 166 млн теңгеге жуық қаржы қарастырылып, бой көтерген. Еске салсақ, аймақ басшысы ауданға іс сапары барысында дәл осы мекемеге барып танысып, оң бағасын берген болатын.Мердігерге облыс əкімі нысанды мерзімінде тапсыруды міндеттеген. Тапсырма толығымен орындалып, енді ауылдағы ағайын басы ауырып, балтыры сыздағанда осында жүгіне алады.