ЖАМБЫЛДА 1,4 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСҚА ТАРТЫЛДЫ
Биыл Жамбыл облысында атаулы әлеуметтік көмекпен 66 987 адамды қамту жоспарланып отыр. Оларға 4,9 млрд теңге қаржы қарастырылған. 1 тамызға дейін 8 038 отбасындағы 42 124 адамға 2 110,8 млн теңге тағайындалды. Бұл өткен жылғы есепті мерзіммен салыстырғанда 2 776 отбасыға аз. Бұл туралы баспасөз алаңында облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Шаймерденова Әсел айтты.